
Фотограф: Angella Choe
Қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова халықаралық деңгейде танылып, TikTok платформасының көрнекті 50 креаторының қатарына қосылды. Discover List 2025 – бұл АҚШ, Австралия, Жапония, Оңтүстік Африка және басқа да көптеген елдерден шыққан TikTok қауымдастығына айтарлықтай әсер еткен көрнекті 50 креаторлар тізімі.
Discover List – бұл көрермендерді шабыттандырып, трендтерді қалыптастыратын әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрнекті мазмұн авторларына арналған арнайы TikTok-тың жобасы. 2025 жылы тізімге бес тақырып санатындағы креаторлар енді:
- Оқытушылар (Educators) – қолданушыларды оқытып, шабыттандыратын авторлар.
- Гурмандар (Foodies) – бірегей аспаздық мазмұн жасайтын креаторлар.
- Иконалар (Icons) – трендтер мен сандық мәдениеттің көшбасшылары.
- Инноваторлар (Innovators) – форматтар мен мазмұнмен тәжірибе жасайтын авторлар.
- Музыканттар (Originators) – вирустық трендтерді, дыбыстарды және мемдерді жасаушылар.
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Достық кентінен шыққан Ботагөз Омарова TikTok-тағы білім беру контентіне қосқан үлесі үшін «Оқытушылар» санатында аталды.
Оның @botagozomarova2 парақшасындағы мазмұн харизма, әзіл және стандартты емес оқыту әдістерімен ерекшеленеді. Осылайша, оның видеолары мектеп оқушыларымен қатар, тіл үйренуге қызығатын ересектер арасында да кең танымал болды.
Әлемдік мойындау және шабыт көзі
Ботагөз Омарова TikTok-тың халықаралық көрнекті креаторлары қатарына қосылған санаулы қазақстандықтардың бірі. Ол Польша, Австралия, АҚШ, Сауд Арабиясы, Кения және Ұлыбританиядан шыққан тоғыз білім беру контентінің авторымен бірге «Оқытушылар» санатына кірді.
«Мен әрдайым оқу мен тіл үйрену ережелерді құрғақ жаттау ғана емес, қызықты процесс екенін көрсеткім келетін. Tik Tok-тың халықаралық көрнекті креаторлар тізімінде белгілеуі мен үшін үлкен мәртебе. Менің жұмысым адамдарға білім алуға, атап айтқанда, орыс тілі мен әдебиетін үйренуге жаңа көзқараспен қарауға көмектесетініне қуаныштымын»,
деп бөлісті Ботагөз Омарова.
TikTok – білім беру алаңы
TikTok соңғы жылдары білім беру мазмұнын кеңейтуге және қазақстандық мұғалімдерді қолдауға баса назар аударып келеді. Платформа үшінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен #Қазақстанмұғалімдері байқауын ұйымдастырып келеді. Байқауға жүздеген мұғалім қатысып, #УчителяКазахстана және #қазақстанмұғалімдері хэштегтерімен жарияланған білім беру видеоларының саны 80 мыңнан асты. 2023 жылы бұл байқаудың жеңімпаздарының бірі Ботагөз Омарова болды.
Оның Discover List 2025-ке енуі қазақстандық мұғалімдердің халықаралық деңгейде мойындалуына жол ашып, TikTok-тың олардың кәсіби және шығармашылық даму жолында тиімді құрал екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Фото: @angellachoe