Евгений Кошкин алтын

Instagram: @koshkin.exe

Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан командасының мүшесі Евгений Кошкин 23 ақпанда Томашув-Мазовецкте (Польша) Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, спортшы 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті. Оның  мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд.

«Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді – 34,70 секунд. Қола медальді польшалық Марек Каниа жеңіп алды – 34,76 секунд»,

делінген хабарламада.

Фото: Instagram

Поделиться: