Қазақстандықтар визасыз

Pexels: Moussa Idrissi

Қазақстан мен Марокко визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шетелдегі Сыртқы істер, Африка ынтымақтастығы және марокколықтар министрі Насер Буритамен кездесті. 

«Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық/жалпы азаматтық паспорттардың иелеріне визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды»,

делінген баспасөз хабарламасында.

Құжат азаматтар мен тараптардың қозғалысын жеңілдетуге және екі ел арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Келісім бойынша, тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары жарамды ұлттық/жалпы азаматтық паспорттар негізінде екінші тарап мемлекетінің аумағына келу, кету, транзит, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады деп көздейді. Әрбір болу кезеңінің ұзақтығы олар келген күннен бастап 180 күн ішінде күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс.

Осы ретте, бір тараптың азаматтары, екінші тараптың аумағына 30 күннен артық уақытқа жұмыс істеуге, оқу немесе іскерлік мақсаттармен кіруге және онда қалуға ниеттенсе, басқа тараптың дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелерінен тиісті визаны алуы тиіс.


Фото: Pexels

Дереккөз: Zakon.kz

Поделиться: