
Pexels: cottonbro studio
TikTok ұйымдастырған «Ең Алдымен Қауіпсіздік» жобасы қазақ тілді аудиторияны сауаттылыққа баулуға бағытталған. Бұл бастама Қауіпсіз интернет күні аясында жүзеге асып, желі қолданушыларына платформаны қауіпсіз пайдалану жолдарын түсіндіруге көмектеседі.
TikTok-тағы қауіпсіздік шаралары
TikTok қауымдастық қауіпсіздігін басты назарда ұстайды. Осы мақсатта 2024 жылы:
- 6,5 миллионнан астам бейне Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін жойылды.
- Жойылған бейнелердің 95%-ы шағым түспей тұрып өшірілді.
- 80%-ы пайдаланушылар оларды көрмей тұрып жойылды.
- 930 мыңнан астам тікелей эфир бұғатталды.
- 13 жасқа толмаған пайдаланушылардың 1,9 миллион есеп жазбасы өшірілді.
Білім беру бастамалары
TikTok қауіпті контентті жоюмен қатар, пайдаланушылардың білімін арттыруға күш салуда. 2023 жылы іске қосылған «Қауіпсіздік академиясы» жобасы аясында онлайн қауіптерден сақтану, онлайн және оффлайн өмірдің тепе-теңдігін қамтамасыз ету, буллингке қарсы тұру, фейктерді ажырату сияқты тақырыптар қамтылды. Жоба аясындағы роликтер 100 мыңнан астам рет қаралды.
Қауіпсіз интернет күніне орай TikTok «Ең Алдымен Қауіпсіздік», қазақ тілінде оқытатын роликтердің жаңа сериясын іске қосты. Танымал контент авторлары осы жобаға атсалысты:
- @_danoochkaa қауымдастық ережелерін бұзатын контенттерге шағым жіберу керектігін айтты.
- @saykachuu жеккөрушілік пен кемсітушілікке жол берілмейтінін еске салды.
- @nurqojadua алаяқтардан сақтану қажеттігін түсіндірді.
- @medet.jan «Отбасы баптаулары» құралын қолдануды ұсынды.
- @aqolek кибербуллингке қарсы шағымдануға шақырды.
- @aitoqueen TikTok-тың 13 жастан бастап пайдалануға арналғанын еске салды.
Watch on TikTok
Жоба серіктестері Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі жоба серіктесі ретінде CyberКүзет атты бейнероликтер сериясын ұсынды. Бұл видеоларда киберполиция кейіпкерлері қызықты экшн-форматта пайдаланушыларды әртүрлі цифрлық қауіптерден құтқаруға көмектеседі.
Watch on TikTok
TikTok – қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Платформа адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеуге бағытталған.
Фото: Pexels