Ербол Хамитов әлем чемпионы

Instagram: @khamitovyg

Қазақстандық биатлоншы Ербол Хамитов ел тарихында пара биатлоннан әлем чемпионатын жеңіп алған алғашқы спортшы болды.

Хамитов Поклюка (Словения) өткен турнирде 12,5 шақырымдық жеке жарыста үздік атанды. Спорт комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық спортшы 35:29.01 нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші орынды канадалық Дерек Заплотинский (35:36.3), ал үшінші орынды американдық Аарон Пайк (35:37.8) иеленді.

Сондай-ақ, жарыстың бірінші күні Ербол 7,5 шақырымдық спринтте 20:55 есебімен қола медаль жеңіп алды.

Ербол Хамитов бала кезінен спортпен шұғылданды, бірақ 19 жасында кикілжіңнен кейін аяғынан айырылды. Оның тізесіне оқ атылып, содан кейін аяғын кесуге тура келді.


Фото: Instagram

Поделиться: