сәнді шаш үлгісі

Instagram: @kendalljenner

«Жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің» деп айтып жатады. Сондықтан болар, қыздар желтоқсан айында сән салондарына жазылып, жаңа көйлектер мен аяқ-киім сатып алады. Бірақ, жаңа жылдық қарбаласқа байланысты бет бояуы мен шаш үлгісіне уақыт жетіспей жатады. Қарапайым, әдемі және жақсы ұсталғанын қалаймыз. Өзің қайталай алатын алты сәнді шаш үлгісін сақтап ал.

90-шы жылдардағы шаш буу үлгісі

Ретро стилі биыл бірнеше рет еске алынды, сондықтан 90-шы жылдардағыдай шаш буу үлгісі 2024 жылдың соңы үшін тамаша шешім болады. Алдымен шашыңды түзу бөл және екі үлкен шаш бөлігін шығарып ал. Қалғанын жоғарыға жина. Гель мен тарақты қолданып, алдыңғы шаш бөлігін құлағыңның артына қой. Бұрымның негізін тара және лакпен көлем бер. Барлығы өте қарапайым.

Биікке түйілген шаш

Қыздардың сүйікті сұлулық лайфхакы — Белла Хадид стиліндегі шаш үлгісі: шаш жуып үлгермеген, бірақ әдемі болғымыз келгенде көмекке келетін нұсқа. Шашыңды бөліп, жоғарыға жина. Оны бұрап, көлемді шаш буғышпен байла.

Бант қолданып жасалған шаш үлгісі

Жаңа жылды бантсыз елестету қиын. Сондықтан coquettecore-дан шабыт ал және атласты ленталармен шашыңды сәнде. Өрімдермен тәжірибе жасай аласаң немесе ең қарапайым нұсқалардың бірі «мальвинка»-ны таңда. Шашыңды бұйралап, бетке жақын бөлігін алдыға шығар. Оларды көрінбейтін резеңкемен жина. Буған жеріне нәзік етіп бант байла. Шаш үлгісін ұзағырақ сақтау үшін шашты жылтыр лакпен бекіт.

Өрімдері бар шаш буу үлгісі

Өрімдер сәннен шықпайды. Сонымен, 2025 жылы қарапайым өрімдерді де, ерекше, бірақ оңай жасалатын шаш үлгісін де таңдай аласың. Ол – өрімдері бар шаш буу үлгісі.

Шашыңды жарып, екі бөлікке бөл және шағын өрімдер жаса. Қалған шашты жоғарыға жина.

Ылғал шаш әсерімен сәндеу

Ылғал шаштың әсері жыл бойы трендте болды, сондықтан Ағаш Жылан бұл шашты бағалайды. Ылғал шашқа сәндеу құралын жақ және тара. Мұның бәрі сенің қиялыңа байланысты.

Ұқыпсыз шаш үлгісі

Егер күні бойы тағамдар дайындап жүрсең және шаш үлгісін жасауға уақытың болмаса, ұқыпсыз шаш үлгісін таңда. Шашыңды екіге жарып ал және екі жерден түй. Олардың әрқайсысын өріп таста. Өрімдерді бір-бірімен байлап, көрінбейтіндей етіп бекітіп, лакпен қатырып қой.


Фото: Instagram

Дереккөз: PEOPLETALK

Поделиться: