Instagram: @asselsadvakassova
Қазақстандық актриса және продюсер Әсел Сәдуақасова әлеуметтік желіде оқырманының бұрынғы жұбайымен ажырасқаннан кейін оның жеке өмірінде не болып жатқаны туралы сұрағына жауап берді.
Instagram-дағы «сұрақ-жауап» айдары барысында Әселден жеке өмірі туралы сұрады. Актриса ажырасқанына көп уақыт өтпегенін айтты.
«Қарым-қатынасты толық жіберіп, іштегіні бір тамшы қалмайтындай шығарып тастаған дұрыс, одан қандай да бір тәуелділікке немесе басқа қарым-қатынасқа қашпау керек, тек осылай ғана бәрін жіберуге болады»,
деді Сәдуақасова.
Әсел егер ізін суытпай жаңа қарым-қатынас басталса , бұрынғыдай проблемаларға тап болу қаупі бар деп қосты. Некесін еске түсіре отырып, продюсер ажырасқанының себептері туралы айтты. Жанкүйерлердің бірі ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы проблемаға айналды ма деп сұрады.
«Меніңше, жоқ. Біз бұған, тіпті, назар аудармадық. Мұнда өмірге деген көзқарастардың айырмашылығы көбірек — олар өзгере бастады, ал үлкен сәйкессіздіктер болған кезде бұл кедергіге айналады»,
деп атап өтті актриса.
Осыны қорытындылай келе, Әсел үйлесімділікте және бақытты өмір сүріп жатқан ерлі-зайыптылардың жасында үлкен айырмашылықтары бар көптеген жұптарды білетінін айтты.
Фото: Instagram