Қазақстандық актриса Динара Бақтыбаева ертегі кейіпкеріне айналып, жанкүйерлерін таң қалдырды.
Динара «Су перісі» ертегісіндегі сиқыршы Урсуланың кейіпінде болды.
«Урсула — Диснейдің 1989 жылғы «Су перісі» мультфильмінің басты антагонисті. Ол зұлым Сесаелия, бақытсыз су перілерімен келісімдер жасайды және армандарын жүзеге асыруға уәде береді. Бірақ, біздің Ванесса, ой, Урсула, оңай адам емес»,
деп жазды актриса инста парақшасында.
«Көзімді алмай қарап отырмын», «О, не деген сұлулық пен актерлік ойын», «Сондай батыл болып тұрсыз», «Керемет, мен сіз сияқты кейіпкермен ертегі көргім келеді», «Әсерлі, қорқынышты, сиқырлы», – деп жазды желіде.
Фото: Instagram
Поделиться: