Ерке Есмахан мен RaiM бірлесіп, тағы бір ән жазды. Әртіс талантты күйеуімен жұмыс істегеніне қуанышты екенін айтты.
Ерке күйеуімен жылы видео жариялап, олардың бірге жазған туындысы туралы айтты. Әртістердің жаңа әні «Ойыңды айтшы» деп аталады.
«Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші.
Ойдан құрастырмай, сезгенін, көргенін айнытпай әнге қосады. Өмірінің әр кезеңі — бір альбом. Әр альбомы, әр трегі ерекше. Бір әнім «хит» болды екен деп соған ұқсас 10 ән жазбайтын әнші. Ол кім десеңіздер, Ол — RaiM! Осындай талантты өнер иесімен маған тағы бір дуэт айту бақыты бұйырыпты. Жаным, барлық арман, мақсатыңа жет»,
деп жазды Ерке.
Жанкүйерлер олардың талантына тәнті болып, ерлі-зайыптыларға сәттілік тіледі.
Фото: Instagram
Поделиться: