Интеллект, дене сияқты, жақсы күйде болуы керек. Және бұл қатты қиын емес. Күн сайын сәл ақылды бола түсу үшін не істеу керек?
Күрделі кітаптарды оқы
Егер сен көркем әдебиетті жақсы көретін болсаң және топтамаңда махаббат пен шытырман оқиғалар туралы көптеген романдар болса, бұл өте жақсы. Бірақ басқа жанрдағы әдебиеттерді оқу да маңызды. Мысалы, фактілерге негізделген фантастикалық емес санаттағы шығармалар.
Кітап дүкендеріне барып, сөрелердің мазмұнын зертте. Мүмкін осы айда психология туралы қызықты әдебиеттерді таба аласың, келесі айда — қарапайым адамға түсінікті тілде жазылған ғарыш немесе физика туралы кітаптар.
Өз ойларыңды жаз
Алдымен саған күнделікті күнделік жүргізу қиын болуы мүмкін, бірақ екі аптадан кейін бұл әдетке айналады. Өз ойларың мен тәжірибелеріңді жаза бастағанда, сен жеңілдік сезінесің.
Әдемі дәптер сатып алып, әр кеш сайын кем дегенде 15 минут жаз. Кейде сенің өміріңнің қалай өзгеретінін талдау үшін өткен күндердің жазбаларына орал.
Қызығушылық таныт
Бұл басқа адамдардың істеріне араласып, адамдарға орынсыз сұрақтар қою керек дегенді білдірмейді. Сау қызығушылық басқаша көрінеді. Оның мәні — өмірге деген қызығушылықты сақтау, табиғатты бақылау және әртүрлі механизмдердің қалай жұмыс істейтінін білу.
Сондай-ақ, қызығушылық жайлылық аймағынан шығуға көмектеседі және ішкі мотивацияны ынталандырады. Айналасындағылардың бәрін қызығушылықпен зерттейтін адамдар дамуды тоқтатпайды.
Өз біліміңмен бөліс
Достарыңа жақында білгендеріңді айтқан кезде, шешендік шеберлікті жаттықтырасың және күрделі идеяларды қарапайым идеяларға бөлуді үйренесің.
Келесі жолы қызықты нәрсе туралы білгенде, ақпаратты досыңмен немесе жақын адамыңмен бөліс. Мүмкін ол қызықты сұрақ қояды немесе сенің ақпаратыңды толықтырады. Қалай болғанда да, диалог екеуің үшін де қызықты және жағымды болады.
Салауатты өмір салтын сақтау
Физикалық белсенділік тек денеге ғана емес, миға да пайдалы. Тұрақты жаттығулар — бұл нейропластиканы дамытудың, есте сақтау қабілетін, аналитикалық және шығармашылық ойлауды жақсартудың тамаша тәсілі. Мысалы, велосипедпен жүру концентрацияны дамытуға көмектеседі және миға қан ағымын жақсартады. Бұл, сонымен қатар, күнделікті мәселелерден алшақтап, сүйікті қалаңа жаңа көзқараспен қараудың тәсілі.
Сәтсіздіктерді қайта қарау
Қиын жағдайларда өзіңді қалай ұстайтыныңды талда. Егер қолыңды төмен түсіріп, бас тартсаң, онда өзіңмен жұмыс жасауың керек. Қателіктер өмірдің табиғи бөлігі екенін және оларға тап болмайтын адамдар жоқ екенін жиі еске түсір.
Сен сәтсіздіктерді қайта ойластыруды және оларды оң жаққа айналдыруды үйренген кезде ақылды боласың. Жағымсыз эмоцияларды ұстама, бірақ тым ашуланшақ болуға жол берме. Өзіңе болған жағдайды жеңуге уақыт бер және әдеттегі тәртіпке орал.
Өмірді жаңа тәжірибелермен толтыру
Сен өзіңе ыңғайлы күн тәртібін құра алған боларсың. Бұл барлық нәрсені ұқыпты ұстаудың және өзіңді қауіпсіз сезінудің тамаша тәсілі. Бірақ, өмірде жаңа қадамдарға да орын болуы керек. Олар бізге ашылуға және жаңа тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
Бір нәрсемен тоқтап қалма және жаңа нәрсеге ашық бол. Достарыңның тауға немесе керамика мектебіне бару туралы ұсыныстарын қабылда. Осы және осыған ұқсас қызығушылықтар көкжиекті кеңейтуге және мидың жұмысын белсендіруге көмектеседі.
Өз тәжірибеңді талда
Кейбір адамдар болашақ туралы тым көп ойлайды және оның өткені мен бүгіні байланысты екенін түсінбейді. Өмірде бұрын болған оқиғаларға тым көп көңіл бөлудің қажеті жоқ, бірақ оны назардан тыс қалдыра алмайсың. Талдау неліктен қателіктер жібергеніңді және өмірді жақсы жаққа өзгерту үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеседі.
Сонымен қатар, сау рефлексия мидың жұмысын жақсартады. Біз өткен оқиғаларды еске түсіріп, оларды талдай отырып, бейнелі есте сақтау, аналитикалық және сыни ойлау дамиды.
Фото: Unsplash