Димаш Құдайберген
Instagram @kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген жаңа лауазымға ие болды — енді әнші әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Ізгі ниет елшісі.

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылған. Осы бес адамның ішінде әнші Димаш Құдайберген де болды.

Рухани дипломатия мүмкіндіктерін дамытуға жәрдемдесу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ізгі ниет елшілерінің мәртебесі туралы ереже қабылданды. Және осы лауазымға жоғары тұлғалар тағайындалды.

Олардың қатарында отандық Димаш Құдайберген, Вьетнам буддистік сангханың Бас хатшысы, Атқарушы кеңес төрағасының орынбасары Тхить Дык Тхиен, Иерусалимнің және бүкіл Палестинаның Патриархы ІІІ Теофил, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Абделсалам және Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары Джо Бэйли Уэллс бар.


Фото: Instagram

Поделиться: