Күзге қандай хош иіс таңдау керектігін білмейсің бе? Біз ең сәнді иістер туралы айтамыз!

Хош иіс әлемі көп қырлы және өзгермелі. Парфюмерияда осы күзде өзекті болатын бірнеше тренд бар. Егер сен күзге сәнді иіс алу үшін не таңдау керектігін білмесең, онда бұл мақала саған арналған!

Цитрус хош иістері

Парфюмериядағы цитрус иісі үлкен тренд турыруда! Енді парфюмерлер мұндай әтірлерді тұрақты және терең етуге тырысады. Сондай-ақ, нағыз мастхэв — цитрус пен дәмдеуіштердің үйлесімі. Мұндай хош иістер күзде керемет шығады, жайлылық пен жылулық атмосферасын сыйлайды. Олар сенің көңіл-күйіңді көтереді және қуаттандырады!

MIND GAMES vieri

Балғын хош иістер

Барлық әлеуметтік желілерде тазалықтың иісі танымал болғаны есіңде ме? Ол өзектілігін жоғалтқан жоқ, ал парфюмерлер бұл үрдісті одан әрі дамытады. Шөптер мен гүлдердің хош иісі балғындық, тазалық және жеңілдікпен байланысты. Олар керемет иістерге толы гүл бақшасында серуендеп жүргендей сезім тудырады. Мұндай хош иіс сені жаздың жарқын күндеріне қайтарады!

2024 жылдың күзіндегі хош иістердің 3 басты тренді
MAISON FRANCIS KURKDJIAN eau de parfum 724

Стандартты емес ваниль

Ваниль — хош иістердің патшайымы. Біздің әрқайсымызда ностальгияны тудыратын ең тәтті ванильді хош иіс болды. Қазір оны басқа қызықты иістермен үйлестіреді, бұл оны өзгеше етеді. Егер сен ванильді жақсы көрсең, онда міндетті басқа түрлерін алып көруің керек!

2024 жылдың күзіндегі хош иістердің 3 басты тренді
OJAR halwa kiss absolute

Фото: Gold Apple

Поделиться: