Қазақстандық әнші Ерке Есмахан жанкүйерлердің оның шығармашылығы тақырыбындағы сұрағына жауап берді — олар әртістің жаңа тректерді қашан шығаратынын сұрадыю.
«Жаңа әндеріңізді қашан шығарасыз немесе үйде отыра бересіз бе?»
деген сұрақ қойды Еркенің жанкүйерлері.
Әнші қазір жан дүниесінде тыныштық тапқан ең жақсы уақытты бастан өткеріп жатқанын айтты.
«Мен үйде осылай отыратын сияқтымын. Өмірді басқаша сезіне бастадым. Бұрынғыдай ешкімге ештеңе дәлелдеуге тырыспаймын. Бәрін өзіме дәлелдедім, мен ризамын. Жүрегіме жақын ән болса орындаймын»,
деп жауап берді Ерке.
Фото: Instagram
Поделиться: