Instagram: erke_esmahan

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан Instagram-да «Сұрақ-жауап» айдарын өткізіп, RaiM екеуінің жеке өмірі туралы мәліметтермен бөлісті, сондай-ақ 30-дан кейін махаббатты қалай жолықтыруға болатыны туралы сұраққа жауап берді.

Сұрақтарға жауап беріп, Ерке жанкүйерлерімен әзілдесіп те алды. Күйеуге 30 жастан кейін қалай шығуға болады деген сұраққа әнші былай жауап берді:  

«Азанмен ерте тұрып, жылы суға бір қасық тұз салып, терезенің қасына жақындап, оң жағыңызға үш рет айналасыз деп ойдан құрастырсам… Аллах барлығын жұп жұбымен жаратқан. Жүрегіңізге жақын адам кездеседі. Күтіңіз».

Келесі сұрақ та қызық болды, жанкүйерлердің бірі Ерке RaiM тастап кетсе  махаббатқа сене ме деп сұрады. 

«Позитивті нәрселер ойлаңызшы. Түпсанаңызды тазартыңыз. Жақсы ойлап, жақсы сөйлеу жақсылыққа алып келеді»,

деді әртіс. 

Келесі сұрақтың жауабы жанкүйерлерді алаңдатты — тағы бір оқырман Есмаханның дәл қазір не істеп жатқанын сұрады. 

«Балалар ұйқыда. Райм өз бөлмесінде. Мен өз бөлмемде жарықты сөндіріп, май шам жағып, музыка қосып, төсекте жатып сіздерге жауап жазудамын»,

деп жазды Ерке. 

Осыдан кейін жанкүйерлер әйгілі қазақстандық жұп екі бөлек төсекте ұйықтап жатыр деп ойлады. Орындаушы барлық қауесеттерді бірден жойды. 

«Өсек деген осындайдан шығады. Өз бөлмесі дегенім ән жазатын студиясы ғой. Уайымдамаңыздар, жабысып бір бөлмеде, бір жастықта бірге жатамыз»,

деп қорытындылады Есмахан.

Фото: Instagram

Поделиться: