Қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова оны алдаған адамды сотқа беретінін айтты — бұған дейін Жұлдыз келісіп көргісі келген.
«Сот болады», – деді Әбдікәрімова Instagram-да. Бір күн бұрын, актриса оқырмандарына осы жағдай туралы алғаш рет айтқан кезде, ол алдымен қиянат жасаған адаммен сотсыз келіссөздер жүргізуге тырысамын деп мәлімдеді — ол ойы жүзеге аспады.
Енді Жұлдыздың басқа қорқынышы бар.
«Менің қорғаушыларым қобалжуда. Қарсы тарап таныс-тамырларын қосып, сотқа ықпал етпекке әрекет етіп жатыр»,
деп жазды ол.
Әдбікәрімова осы уақытқа дейін соттасайын деп жоспарлап отырған адамның кім екенін айтқан жоқ, сонымен қатар оны қалай алдағанын анық түсіндірмеді. Ол мұны әлеуметтік желіде үлкен пост жариялау арқылы жасауға ниетті.
«Постқа ақпаратты заңгерлеріммен ақылдасып, ертең саламын. Мейлінше түгел детальді ашып жазуға тырыстым. Оқырмандарым барлық ақпаратты білгенін қалаймын. Қолдауларыңызға алғысым шексіз»,
деп қорытындылады Жұлдыз.
Фото: Instagram