Қазақстандық театр және кино актрисасы Жұлдыз Әбдікәрімова бір жылда алғаш рет брекетсіз күлкісін көрсетті — Қайрат Нұртастың 36 жастағы әйелі тістері туралы мәліметтерімен бөлісті.
Instagram-да Жұлдыз өзінің блогының оқырмандарына соңғы рет брекетті көрсетті. Келесі жүктеген видеода, ақ және түзу тістерін көруге болады. Алайда, Жұлдыздың айтуынша, емдеу әлі аяқталған жоқ.
«Құттықтауларыңызды қабылдауға дайынмын — мен брекетті шештім және көңіл-күйім жақсы. Алайда, бір жыл бойғы брекеттің жұмысын жоққа шығармас үшін емдеуді жалғастыруым керек — қазір маған тістерімнің ішкі жағына ретейнерлер қойылды»,
деді актриса.
Біраз уақыт брекетсіз жүргеннен кейін Әбдікәрімова мойындады — сезім ерекше. Оның ұлы Нарұл анасының сыртқы келбетінде не өзгергенін бірден түсінбеді.
«Шынымды айтсам, өзім де брекетке әбден үйреніп қалған екенмін. Бірдеңемді жоғалтып алғандай сезімдемін»,- деп қорытындылады Жұлдыз.
Фото: Instagram