бояуы
Instagram: haileybieber

Күзгі классиканы сағындың ба? Онда осы маусымда бет бояуында шарап түсін қалай қолданатынымызды оқы.

Күздің басты трендсеттері — Сабрина бізге айтқандай, жылдың осы уақытында біз бургунди түсін таңдаймвз! Бұл талғампаз және көп қырлы реңк кез келген сырт бейнеге оңай бейімделеді. Бургунди қолдана отырып, күзгі макияжды қалай жасау керектігін біліп жүр.

Ерінге көп назар аудару

Ерінге назар аудартатын макияж қымбат және әдемі көрінуі үшін теріні дайындауға және өңдеуге жеткілікті уақыт бөлу керек. Бет бояуы қалың болуы қажет, біздің міндетіміз — барлық кемшіліктерді жабу, осылайша ерін далабы бояудың негізгі түс екпініне айналады. Жарқын сүрме мен көз бояғыштарынан аулақ болу керек.

Сүйкімді және қуыршақ бет бояуы

Бұл көрініс үшін біз қастарымыздың астына, көздің бұрышына, бет сүйектеріне көбірек хайлайтер қолданамыз. Содан кейін ерінді бояймыз — далаппен толығымен толтырамыз, ал шетін саусақпен немесе щеткамен кетіреміз. Соңында ылғалдандыру үшін бальзам немесе түссіз жылтыр далап жақ.

Драмалық макияж

Егер сен үшін ең маңыздысы бояудың ұзақ уақыт тұрғаны болса, бургунди түстегі күңгірт ерін далабын қарауды ұсынамыз. Бұл сәнді ғана емес, сонымен қатар ыңғайлы. Олар ұзақ уақыт бойы ерінде тұрып, образға драмалық әсер береді. Күңгірт ерін далабымен бірге бет қызартқыш қолданған жөн.

Жарқын көз бояуы 

Көзге арналған макияж үшін біз қатты ашық емес ерін далабы мен тым пигментті емес қызартқыш пен бронзерді таңдаймыз. Қастарыңды табиғи қалпында қалдырған дұрыс.

Көз бояуы мен қоңыр сүрме

Егер сен осы нұсқаны таңдасаң, алдымен көзіңе бояудың астына арналған негіз жақ, және макияждың беріктігін ұзарт. Қабаққа бургунди түстегі бояуды қолдан, шет жақтарын ашық түспен араластыр. Соңында кірпіктеріңді қоңыр немесе қара сүрмемен боя.


Фото: Instagram

Поделиться: