Димаш Құдайберген
Instagram: kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген Euronews порталына сұхбат беріп, «Астана Операдағы» жұмыстан бас тарту себептерімен бөлісіп, оны музыкалық мансапқа кім итермелегенін айтты.

Димашқа «Астана Операда» жұмыс істеу туралы ұсыныс түскенін, алайда ол бас тартуға мәжбүр болған. 

«Директор мені олармен жұмыс істеуге шақырғаны есімде. Бірақ барлық жанрларда ән айтқанды ұнатамын. Енді мен опера орындағым келсе, оны өз жеке кешімде айта аламын»,

деді ҚР Халық әртісі. 

Сондай-ақ, Пласидо Домингомен бірге өнер көрсеткенін есіне алып, оны ән айтуға шабыттандырған адам екенін мойындады. 

«Мен оған 5 жасымнан бастап оның кассеталық жазбаларын тыңдағанымды және концерттерінің арқасында әнші болғанымды айттым. Бірақ, менің ойымша, ол мұны естіп үйреніп қалған»,

деді Димаш. 

Қорытындылай келе, Құдайберген қазақ мәдениетін өз музыкасына біріктірудің қаншалықты маңызды екенін айтты. 

«Мен қазақ екенімді мақтан тұтамын. Қазір менің үлкен миссиям бар. Ақша табу үшін емес, еліміздің мәдениетін, бүкіл әлемдегі аудиторияға дәстүрлі музыкамызды таныстыру үшін халықаралық әнші болдым»,

деп қорытындылады әнші.

Фото: Instagram

Поделиться: