Лисаны
Фото: Gabriele Di Martino

Нетизендер Лисаның фонограммамен ән айтқанына наразы. Дегенмен, жанкүйерлер бұл жай ғана сәтсіз бейне жазба екеніне сенімді.

MTV Video Music Awards 2024-ті жеңіп алған болатын. Әртіс «ROCKSTAR» әнімен «Best K-Pop» сыйлығына ие болды.

VMA премиясында Лиса испан әншісі Розалиямен бірге жазған «ROCKSTAR» және «New Woman» әндерін орындады. Керемет қызыл киім киген рэпер көптеген көрермендердің жүрегін жарқын харизмамен және биімен баурап алды.

Соған қарамастан, нетизендер арудың өнеріне наразылықтарын білдірді, өйткені оның фонограммамен ән айтқаны анық білінді. 

Жазылған пікірлерде Лисаның ерін қимылдары өзі орындаған әннің мәтінімен дұрыс сәйкес келмейтіні айтылды. 

«Не жанды дауыста ән айтуды үйрен, не ерніңді дұрыс қозғалтуды үйрен. Ұятқа қалма!», «Ол тректен артта қалды. Бұл өте айқын білініп тұр», «Лиса бірде-бір сөзге түскен жоқ, дайындала ма өзі?», – деп жазып жатты желідегілер.

Алайда, BLACKPINK жанкүйерлері BLINK сынға тез жауап беріп, Лисаның жанды дыбыстағы вокалын көрсететін кештегі өңделмеген кадрлары жариялады.

«Сіз оның «New Woman»-нан бастап «ROCKSTAR»-ға дейін жанды дауыста ән айтқанын анық ести аласыз. Бірақ, адамдар басқаша айтады. Қалай болғанда да, Лиса, сен бүгін түнде жандырдың», «Күте тұрыңдар, бұл VMA видео бейнесінен әлдеқайда жақсы. Оның шынайы вокалы шынымен естіледі», «Бұл видео адамдардың саңырау екенін дәлелдейді», – деп әртісті ақтағандар да болды. 


Фото: Instagram

Поделиться: