Қазақстандық миллионер блогер Дамеля Sweet әкесінің туған күніне қымбат сыйлық жасады — 24 жастағы инстадива оған премиум-кластағы автокөлік сыйға тартты.
«Айналасындағылардың көз алдында ол тым салмақты адам сияқты көрінеді, бірақ үйге күн сайын кәмпитпен келетін. Кейде ол мен сынған кезде қандай сөздерді айту керектігін білмеді, бірақ мен әрқашан оның дұғаларында екенімді білдім. Мен түсірілімнен түнгі сағат 3-те қайтып келе жатқанда да, әкем мені әрқашан үйде күтіп отыратын. Ол сөзбен айтпайтын, бірақ мені қаншалықты жақсы көретінін білетінмін.
Әрине, маған сыйлаған дүниенің барлығын қайтаруға ғұмырым жетпес, анам екеуіңізге алғысым шексіз. Мен анама бірдеңе сыйлағанда, сіз: «қажет емес» дейтінсіз. Бірақ, көлікті ауыстыратын кез келген сияқты», – деді Дамеля қымбат сыйлықты көрсетіп. Әкесі қатты қуанды.
Фото: Instagram