Нетизендер Со Ин Гук пен Джису «Ай сайынғы жігіт» дорамасында басты рөлдерді сомдағаны туралы жаңалықты әртүрлі қабылдады.
10 қыркүйекте Со Ин Гук «Ай сайынғы жігіт» дорамасында басты рөлді сомдады деген жаңалық шышты. Айтпақшы, BLACKPINK-тегі Джису оның жұбы болады.
«Ай сайынғы жігіт» — бұл біртүрлі әлеуметтік желінің айналасында өрбитін романтикалық дорама. Пайдаланушылар виртуалды адамдарға жазылады және олармен шынайы өмірге сиқырлы түрде жеткізілетін махаббат қарым-қатынастарын құрады.
Көптеген нетизендер бұл жаңалыққа әртүрлі пікір жазды. Кейбіреулер сериалда Со Ин Гук пен Джису жұп болып ойнағанына қуанады, ал басқалары бұған онша разы емес. Үшіншілері наразылық білдіріп, айдолға сын айтып, оның актерлік шеберлігіне күмән келтірді.
«Мен Со Ин Гуктың бұл рөлден бас тартқанын қалаймын. Джису екеуі жараспайды», «Мүмкін емес! Со Ин Гукке сұрақтар жоқ, ол керемет актер, бірақ Джисудің актерлік шеберлігі әлсіз», «Маған Ин Гук ұнайды және дораманы асыға күтемін», «Мен Ин Гукты және Джисуды жақсы көремін! Асыға күтемін!», – деп жазды желідегілер.
Фото: Instagram