Мерей Әбілова мен Димаш Қашкен ата-ана атанды
Instagram: abilovva_m

Қазақстандық блогер Мерей Әбілова мен оның жұбайы, футболшы Дінмұхамед Қашкен ата-ана атанды. Олар қызды болды.

Еске сала кетейік, маусым айында миллионер блогер Мерей Әбілова мен футболшы Димаш Қашкен гендер пати өткізді. Содан кейін олардың қызы болатыны белгілі болды. 

Әбілова перзентханада түсірілген қызымен алғашқы суретін жариялады. 

«Қош келдің өмірге, қызым. 05.09.24», – деп жазды Мерей.

Stories-те блогер эмоцияларымен бөлісті. «Мен енді анамын, шүкір», – деп қосты ол.

«Қызыңның өмірге келуімен құттықтаймыз», «Сәбиге бақыт тілеймін», «Саған және сәбиге денсаулық тілеймін», «Керемет», «Блогерлер босана сала әдемі болып шыға келеді», – деп жауап берді әлеуметтік желіде.


Фото: Instagram

Поделиться: