Мөлдір Әуелбекова Instagram-да толық емес отбасыларға арналған пост жариялады. Жұлдыз балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған аналарға қолдау көрсетті.
Әуелбекова өз ойын кейде адамдардың өмір сүруіне кедергі келтіреді көптеген жалған сенімдерден бастады.
«Иә, біздің санамызда жалған сенімдер өте көп. Соның бірі: «Әкесіз бала толыққанды болып өспейді!» – дейді.
Өседі, өскенде қандай керемет бала болып өседі. Ол үшін, жалғызбасты аналар: осы жалған сенімді саналарыңыздан алып тастаңыздар! Сіз жалғыз өсіріп отырған жоқсыз. Сізде, балаңызға тағдыр беретін, ең басты қолдаушыңыз Алла бар. Балаға махаббат сездіретін ата-ана, бауыр т.б. жақындарыңыз бар.
Есесіне, күмәніңіз болмасын, сіз өте керемет анасыз! Осыны естен шығармаңыз»,
деп жазды Мөлдір Instagram-да.
Фото: Instagram
Поделиться: