Кешірім сұрай білу — әр адам үшін маңызды дағды. Өкінішке орай, бұл бәрінің қолынан келе бермейді.
Тоқты
Тоқтылар — сүйкімді әрі мейірімді жандар. Бірақ олар тік мінезді. Өз қателіктерін мойындағаннан гөрі қарым-қатынасты үзгенді жөн көреді. Тоқтылар үшін дұрыс пен бұрыстың не екені анық: біріншісі — олардың көзқарасы, екіншісі — қалғанының бәрі.
Егер сен объективті түрде дұрыс болсаң да, аталмыш жұлдызнама белгісі шегінбейді, одан да қатты мінез көрсете бастайды.
Арыстан
Арыстандар кикілжің туралы сөйлескенде, әрқашан өздерін мүлдем жазықсыз адам ретінде көрсетеді. Өрт белгісі өзін басты кейіпкер, әулие, жұлдыз деп санайды. Олар, тіпті, қателесемін деп ойлай алмайды.
Арыстандар өз өмірінде басқа адамдар бар екенін ұмытып кетеді.
Сарышаян
Сарышаяндар кешірім сұрайды дейсің бе? Сен қиялға көп беріледі екенсің! Олар кешірім сұрамау үшін бәрін жасайды. Сен оның сезімін түсінбейтініңді айтады. Өзінің мінез-құлқына Меркурийдің ретроградын кінәлайды.
Ол алдайды, бірақ ешқашан кінәні өз мойнына алмайды. Жағдай оның 100% қателігінен болса да, Сарышаяндар оны бұрып жібереді және түбінде сен кешірім сұрайсың.
Суқұйғыш
Бұл жұлдызнама белгісі кешірім сұрауға қарсы емес. Олар кешірім сұрауға жетететіндей қарым-қатынасқа соншалықты терең енгенді ұнатпайды. Өйткені, егер «кешір» деп айтылса, онда кикілжің болды деген сөз, ал Суқұйғыштар ондайға шыдай алмайды. Олардың әлемінде бәрі әрқашан алаңсыз.
Егер дау туындаған болса, онда Суқұйғыш кешірім сұраудан гөрі сөмкесін жинап, қаладан кеткенді жөн көреді.
Фото: Pexels