Қазақстандық қолөнершілер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Гиннестің рекордын орнатты.
«Көшпенділер Әлемі» этноауылында тамаша қойылым өтті.
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 450-ден астам шебер құрақ көрпе тікті. Бұл сәтті Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері тіркеді.
Естеріңе сала кетейік, Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, бауырлас мемлекеттердің көшбасшыларына, Қазақстанға келген қонақтар мен спортшыларға алғысын білдірді. Айта кетейік, көшпенділер ойындарының тарихында алғаш рет осындай ауқымды халықаралық телехабар тарату ұйымдастырылды.
Фото: Instagram/ Shutterstock
Поделиться: