Қазақстандық актриса Фариза мен оның сүйіктісі Андрей екеуі үйлену тойларын өткізді.
Естеріңе сала кетейік, тамыз айының басында Фариза Ескермеске сырға салынып, ұзатылды. Біраз уақыттан актриса Үнді стиліндегі қазойнақ кешін өткізді. Енді жастар өздерінің армандаған үйлену тойын жасады — олар өмірінің ең маңызды күнін жұлдызды достары мен туыстарының ортасында атап өтті. Үйлену тойының кадрлары желіде пайда болды. Оларды Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай, сондай-ақ мерекенің басқа қонақтары бөлісті. Кештің басында қалыңдық көлемді ақ түсті көйлек киді, содан кейін иықтары ашық жинақы той көйлегін киді. Күйеу жігіт ақ жейде, ақ пенжек, қара көбелек-галстук және қара шалбар киді.
Жас жұбайлар достарының ортасында көңіл көтерді, сонымен қатар романтикалық алғашқы билерін биледі, үлкен үйлену тортын таңқураймен безендірді, көп күлді және өз бақыттарын жасырмады.
«Қонақтар келіп, бұл барлық уақыттағы ең күшті үйлену тойы екенін айтты»,
деп мойындады қалыңдық.
Фото: Instagram