Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова төртінші қызының туылғанын жариялады. Күні кеше жаңа туған нәресте Алмамен бірге перзентханадан шығарылды.
Фотосуреттер Instagram-да жарияланды — оны перзентханадан бүкіл отбасы қарсы алды. Суреттен Баянның күйеуі Тұрсынғали Алагөзовты, үлкен қыздары Айсәуле мен Айару Бақытбекті, сондай-ақ басқа да туыстарын көруге болады. Кішкентай Алманың әкесі медициналық маска киген — суретте ол жаңа туған қызын қолында ұстап отыр. «Үйге», – деп жазды төрт баланың анасы бірлескен суретке.
Естеріңе сала кетейік, тамыз айының басында 50 жастағы Баян Алагөзова Қазнетті үшінші рет ана атанғаны туралы жаңалықпен таң қалдырды. Продюсер мен оның күйеуі қызды болды, сәбиді Алиса деп атады. Тосынсыйлар мұнымен аяқталған жоқ — күні кеше Баян үшінші баласы дүниеге келгеннен кейін 15 күн өткен соң тағы бір қызды болғанын жариялады. Нәрестеге Алма деген есім берді.
Фото: Instagram