Қазақстандық актриса Фариза Ескермес үнді стиліндегі қызойнақ өткізді. Ол өзінің Instagram парақшасында видео жариялады.
Фариза жұмбақ Үндістанға деген сүйіспеншілігін бірнеше рет айтқан болатын, сондықтан ол үнді стилінде қызойнақ ұйымдастыруды жөн көрді — қалыңдық пен оның құрбылары жарқын және әдемі сарилер киіп, түрлі әшекейлер тақты. Кеште, әрине, болливуд фильмдерінің музыкасы қойылды және керемет билер мен дәмді тағамдар болды.
«Менің айналамда ең әдемі қыздар. Қыздарым, менің өмірімде болғандарыңа рахмет! Ең үздіксіңдер!», – деп жазды қалыңдық.
Фото: Instagram
Поделиться: