Жанқош Тұраров
Instagram: zhankoshturarov

Белгілі қазақстандық боксшыны қыз зорлады деп айыптады.

Әлеуметтік желілерде 1996 жылы туған қыздың Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясына зорлау туралы арыз бергені туралы ақпарат пайда болды. Ол шағымды бірінші жартылай орта салмақтағы IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровқа жасаған.

Алматы полициясы бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Тұраров 2009 жылдан бері кәсіби рингте өнер көрсетіп келеді. Жеңіліссіз 28 жекпе-жек өткізді, оның 20-2 нокаутпен жеңді. Үйленген, балалары бар.


Фото: Instagram

Поделиться: