Қазақстандық актриса алаяқтардың қармағына түскенін мойындады — бұл туралы Жұлдыз Абдукаримова Instagram желісіндегі жанкүйерлердің сұрақтарына жауап бере отырып айтты.
Қайрат Нұртастың жұбайы Instagram-да «сұрақ-жауап» айдарын өткізді. Қойылған сұрақтарының алғашқыларының бірі алаяқтарға қатысты болды — блог оқырмандарының бірі Жұлдыздың алданып қалған кезі болды ма деп сұрады. Жауап «иә» болып шықты — сонымен қатар, Абдукаримова егжей-тегжейін жақын арада айтамын деп уәде берді.
«Алданғанда қандай?! Дәл қазір процесс жүріп жатыр. Ол бөлек әңгіме. Жақында бәрін де айтып беремін»,
деді театр және кино актрисасы оқырмандарын қызықтырып.
Фото: Instagram
Поделиться: