Ерке Есмахан
Instagram: erke_esmahan

Қазақстандық орындаушы Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында жаңа фото суреттер жариялап, босанғаннан кейінгі шаштың денсаулығы туралы әңгіме қозғады.

Ерке әсем қалада суретке түсті — оның ұзын шашы жайылған және әдемі сәнделген. Екі ұлдың анасы жүктілік кезінде бала туылғаннан кейін шашы бұрынғыдай әдемі болмайды деп қорыққан. 

«Босанған соң шашың түседі, дымы қалмай», – дейтін еді ғой. Менікі керісінше, тез өсіп қалыңдап кетті. Тіпті, тұла бойым өзгеріп, басқаша гүлдей бастадым», – деді әртіс.

Пост астына пікір қалдырған аналар өз тәжірибелерімен бөлісті, ал басқа жанкүйерлер әншінің сырт келбетін мақтады.


Фото: Instagram

Поделиться: