Фариза Ескермес ресми түрде тұрмысқа шықты — актриса неке қию рәсімінен видео жариялады. Алайда, АХАЖ бөлімінде жағымсыз жағдай орын алған.
Фариза Ескермес енді ресми тұрмыстағы ару — кино жұлдызы мен оның жұбайы Андрей қол қойып, неке туралы куәлік алды. Жастардың бақытты жүздері камера объективіне түсті.
Қалыңдықтың АХАЖ бөлімінің қабырғасында болған жағдай көңілін түсірген — Ескерместің айтуынша, қызметкерлердің бірі оны құттықтап, кейін өз сөздерімен таң қалдырды.
«Біз АХАЖ бөліміне барғанда сол жерде жұмыс істейтін бір әйел бізді құттықтады. Одан кейін Андрей екі минутқа фотографпен сөйлесуге сыртқа шығып кетті. Сол аралықта жаңағы әйел маған: «күйеуіңіз көзге түсетіндей сымбатты екен, сізге сабыр тілеймін, сабыр! Мұндай еркекке қыздар өздері кеп жабысады, ал мұндай еркектер… мен айтпасам да біліп тұрсыз ғой, оңай нәрсе емес. Сондықтан сізге тағы да сабыр тілеймін. Еркектің бәрі оңды-солды жүреді. Мұндай сәтте бәрінен үзілді-кесілді бас тартпа, уақыт өте келе бәрібір әйелінен жақсысын таппай қатесін түсініп, қайтып келеді» деп өзінше ақыл айтты»,
деп жазды актриса инста парақшасында.
Осыдан кейін актриса аға буын өкілдеріне өтінішін айтты.
«Егер сіз жастарға қандай кеңес беру керектігін білмесеңіз, жай ғана үндемеңіз. Өз тіліңізге ие болыңыз және өзіңіз шыдаңыз. Сіздің шыдамыңыз бен төзіміңіз мен үшін даналық емес, менің ойымша даналық деген өз адамыңды сүйіп, қадірлеуде, оны ғана емес, өзіңді де дәл солай бағалай алуда»,
деп қорытындылады Ескермес.
Фото: Instagram