Ерке Есмахан
Instagram: erke_esmahan

Ерке Есмахан жанкүйерлеріне Парижден жаңа фотосуреттерді көрсетуге шешім қабылдады. Суреттердің біріне әнші жұбайы RaiM-мен бірге түскен.

Француз атмосферасынан шабыт алған Ерке, жаңа піскен багеттермен суретке түсті. Суреттердің бірінен Есмаханның жанынан оның күйеуі RaiM-ды көруге болады. 

Постқа әнші жақсы сөздердің күші туралы жазды. 

«Жақсы сөз өзіңе айналып келеді. Жақсы сөз жаныңды тыныштандырады. Жақсы сөз балаларыңның жолын ашады. Жақсы сөз — жақсы энергия. Жақсы сөз — жарым ырыс. Бір жағынан, аяқ асты несібе. Ал, әркімге жаман сөз жазып, өзінің және біреудің күнәсін арқалаушылар ғаламторда онсыз да толып жатыр»,

деп атап өтті Ерке. 

Парижде түскен суреттерді жанкүйерлер жоғары бағалады. 

«Әрбір әйел бақытқа лайық», «Жақсы адам әрқашан жақсы ойлайды! Сенің әрқашан әдемі екендігің — жақсы ойлардың дәлелі», «Әрқашан бақытты болыңыз», — делінген желіде.

Поделиться: