Әли Оқапов 33 жасқа толды — әнші туған күнін Вьетнамда жары Ақерке Бүркітбаймен қарсы алды. Отбасы мүшелері әртісті әлеуметтік желілерде құттықтады.

Әли мен Ақерке демалысқа шықты — жұлдызды отбасы Вьетнамда жүр. Әртістер Оқаповтың туған күнінде жергілікті хайуанаттар бағына барып, керіктерді тамақтандырды. 

Бүркітбай жұбайын құттықтап, отбасылық фотосессиядан жылы кадрлар жариялады. «Туған күніңмен, Әли», — деп жазды Ақерке инста парақшасына.

Әлеуметтік желіде туған ағасын Мәди Рымбаев та құттықтады — ол бала кезде Әлимен бірге түскен фотосурет жариялады. «Туған күніңмен», — деп жазды ол Instagram stories-те.


Фото: Instagram

Поделиться: