сөмке
Фото: Courtesy of Miu Miu

Сәнді және әмбебап түрлері.

Кейде трендтерге ілесу мүмкін емес сияқты. Әсіресе, әшекейлерге келгенде: өте тез уақытта актуалды пішіндер мен өлшемдер ауысып отырады. Әрине, сәнді күннен қорғайтын көзілдірік пен бас киімді шексіз сатып алуға болады. Бірақ, сөмкелер — басқа мәселе. Біз олардың ұзақ уақыт қолданыста болғанын қалаймыз. Кез келген киім үлгісін сәнді ететін, әмбебап болып қалатын үш сөмке түрін назарларыңа ұсынамыз.

Ашық түсті тоут

Тоуттар кез келген жағдайда көмектеседі, сондықтан жазда оларсыз болмайды. Пішін кез келген дерлік болуы мүмкін: тікбұрышты модельдер де, дөңгелектелген түрлері де қолайлы. Матасын таңдауда ешқандай шектеулер жоқ, егер біз қыста тек былғары нұсқаларды ұстайтын болсақ, енді оларды тоқыма түрлеріне ауыстыруға болады. Бірақ, түсі ашық болсын: ақ, құм немесе кілегей түстес. Кең модельдермен біз ұзақ серуендеуге, кеңсеге және табиғатқа барамыз, сондықтан олар кез келген аутфитке сәйкес келуі керек.

сөмке
Instagram: mathildegoehler

Кішкентай жарқын сөмке

Кішкентай өлшемдегі жарқын сөмкелерді сатып алған дұрыс: бұл сәнді екпінге айналады, бірақ үлкен модельдер сияқты барлық назарды өзіне аудармайды. Багеттерді, ай тәрізді сөмкелерді, кішкене және басқа түрлерін таңдап көр. Кез келген түс қолайлы, бірақ сөмкемен әр киім сәнді болуы үшін,қазіргі кәмпит түсті реңктерін таңдаған дұрыс. 

Instagram: linda.sza

Сабан сөмке

Егер біз бұрын тоқымалы сөмкелермен тек жағажайға баратын болсақ, онда бұл жылы маусымда олар қалалық киім үлгілерінің де бір бөлігі болып саналады. Мұндай сөмке сәнді көрінуі үшін саған пішінін жақсы ұстайтын түрлерін таңдауға кеңес береміз. Басқа нұсқалар киім үлгілерін визуалды түрде арзандатады. Табиғи түстерді таңдаған дұрыс: сабан немесе сәл күңгірт құм.

сөмке
Instagram: matildadjerf

Поделиться: