Дамеля Sweet
Instagram: damelya_sw_

Отандық блогер Дамеля Sweet Өзбекстанға барды — инстадива ұлттық киіммен суретке түсіп, жергілікті тағамдардың дәмін татты.

Ұлттық стильдегі бірнеше киімдер, дәстүрлі өзбек тағамдары және атмосфералық пейзаждар — мұның бәрін Дәмелінің Instagram-дағы соңғы постынан байқауға болады. Ару өзінің блогының оқырмандарын жақын арада көрші елге саяхаттаған жарқын фотосуреттерімен қуантты. «Баршаңызға Өзбекстаннан сәлем», — деп жазды блогер. 

«Өзбекстанға қош келдіңіз!», «Недеген сұлулық! Өкінішке орай, мен Ташкентте емеспін», «Сен сондай әдемісің! Біздің елде көргенімізге қуаныштымыз», «Шығыс ертегілері», «Керемет фотосуреттер», – деп жазды блогердің оқырмандары.


Фото: Instagram

Поделиться: