Қайрат Нұртас
Instagram @kair_n

Желіде Қайрат Нұртас ұшақ бортында төбелес ұйымдастырғаны туралы ақпарат пайда болды. Артынша Көліктегі полиция департаменті де ресми мәлімдеме жасап, ақпаратты растады.

Бүгін желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың қатысуымен болған оқиға туралы ақпарат пайда болды. Журналист Михаил Козаковтың Telegram-каналында хабарлағандай, Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақтың бортында төбелес болып, нәтижесінде әнші қамауға алынды. 

«Төбелес салдарынан бір жолаушының денсаулығына жеңіл жарақат алған», — делінген хабарламада. Әуе кемесінің командирі полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері төбелеске қатысушылардың екеуін де бөлімшеге алып кетті. Қайраттың үстінен екі бірдей әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасын толтырған. Бірі, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, екіншісі ұсақ бұзақылық.

Көліктегі полиция департаментінің мәлімдеуінше, «бір жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық» (бұрын әншіге сахнада балағат сөздер айтқаны үшін айыппұл салынған) және «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» баптары бойынша іс қозғалған.

Айта кетейік, бұл бапқа сәйкес, оған айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу, тіпті 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.


Фото: Instagram

Поделиться: