Киім қысқыдан жазғыға жылудың келуімен ауыстырылды, ал сұлулық тәртібі туралы ұмытылды. Олай болмайды! POPSUGAR-ға берген сұхбатында косметологтар мен дерматологтар жазда тері мен шаш күтімінің сапасын жақсартатын бес негізгі ережелер туралы айтады.
Қысқы күтімді ауыстыр
Дерматолог Брук Джеффи күннен қорғайтын және ылғалдандыратын кремді ауыстыруға кеңес береді. Кремді ол майлы жылтырдың пайда болуына себеп болмайтын жеңіл құрылымды өнімді алуды ұсынады.
«SPF-ті жыл бойы пайдалануың керек, бірақ жазда қорғанысты күшейтуді қарастыр. Егер сен қыста SPF 15 немесе SPF 30 қолданған болсаң, онда ыстық кезеңде 50 факторы бар қорғаныс қажет», — дейді ол.
Ретинолдан бас тартпа
Доктор Джеффи былай дейді: Ретинолды тек қыста қолдануға болатын стереотиптік ережені ұмытатын кез келді. «Егер сен қыс айларында бет терісінің тітіркенуі мен құрғауына байланысты ретиноидтарды қолдануды тоқтатуға тура келсе, күтімге ретинол қосудың уақыты келді», — дейді ол. Егер SPF қолдансаң, ешқандай пигментация сен үшін қорқынышты емес екенін де айтты.
Бұйралағыш құрал мен шаш кептіргіштен бас тарт
Атақты шаштараз Джордж Папаниколас бұйралағыш құпалмен, шаш кептіргіштен және стайлерден бас тартуға кеңес береді. «Бұл ұзақ мерзімді перспективада шашыңды сау ұстау арқылы термиялық әсерді азайтады. Өйткені, жазда күн сенің бұрымыңды құрғатады. Оларға демалыс бер», — дейді сарапшы.
Антиоксиданттар туралы ұмытпа
Косметолог Нишель Темплдің айтуынша, мұндай ингредиенттер С, Е дәрумендері және жасыл шай сығындысы теріні сыртқы және ішкі стресс факторларынан қорғауға көмектеседі. Жазда олар терінің қартаюын тудыратын белсенді күн сәулесінен қорғайды. Сондықтан косметика құрамынан осы антиоксиданттарды іздеуді ұмытпа!
Кремді текстураны таңда
Ыстықта құрғақ өнімдер ыдырап, қабыршықтанады, сондықтан макияж маманы Жанин Лобелл оларды кремді нұсқаларға ауыстыруды ұсынады. «Сен беттегі бояуды күні бойы оңай жаңарта аласың, өйткені бұл текстуралар тіпті сәл дымқыл теріге де жақсы жағылады», — деп түсіндіреді ол.
Фото: Instagram