Көзді күн сәулесінен әдемі қорға.

Күннен қорғайтын көзілдірік сәнді киім үлгісінің бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар көзді және айналасындағы теріні күннің зиянды әсерінен қорғайтын пайдалы әшекей болып табылады. Көзді және теріні күннен қорғайтын көзілдірікті қалай таңдауға болатынын осы жерден оқы. Биылғы жаздағы ең сәнді 5 көзілдірік пішінін біліп жүр.

Кішкентай жақтаулар

Кішкентай күннен қорғайтын көзілдірік — танымалдылықтың шыңында. Атақты адамдардың қайсысы оларды киетінін көру жеткілікті және бәрі түсінікті болады. Басты жанкүйерлерінің бірі — Рианна!

Түрлі-түсті линзалармен ұзартылған түрі

Белла Хадид хабарлайды: түрлі-түсті линзалар осы жазда қайтадан сәнге айналды. Біріншіден, бұл ерекше, екіншіден, кез-келген сырт бейнеге жарықтық қосады.

Авиаторлар

Винтаж классикасы туралы ұмытпа! Авиаторларды 1990-шы жылдардағы Голливудтағы барлық адам жақсы көрді және сол кездегі ностальгия трендте, сондықтан сен 2024 жылдың жазына осындай көзілдірік алсаң, қателеспейсің.

Жарты бетке арналған көзілдірік

Oversize тек киімде ғана емес, көзілдірік әлемінде де трендте. Үлкен көзілдіріктің арасынан пішінін таңда: сопақ, шаршы, ұзартылған. Сенің бетіңе сәйкес келетін кез келгенін тақсаң болады.

Мысық көзі

Әрине, таңдаудағы ең нәзік пішін: мысық көзі. София Ричиден үлгі алып, оның референсін дүкенге апар!


Фото: Instagram

Поделиться: