Қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева алаяқтар оның атынан WhatsApp мессенджері арқылы ақша сұрап жатқанын айтты — әртіс абай болуға шақырды.

Әнші өзінің Instagram желісінде алаяқтармен сөйлескен адамдардың скриншоттарын жариялады. Олар әртістің суреті мен атын ақша сұрау үшін пайдаланды. 

Әңгімелердің мәтініне сүйенсек, Дильназдың атынан оның достары мен таныстарына шұғыл түрде шетелге 200 мың теңге аударым жасау керек деп жазады, ал өзі кездесуде және оны қазір жасай алмайтындығын айтады. Алаяқ бір сағаттан кейін ақшаны қайтаруға уәде береді. 

«Қымбатты достар, бұл мен емес, алаяқтар! Сақ болыңыздар. Есіңізде болсын — мен мұндай өтініштермен ешқашан жазбаймын»,

деді Ахмадиева. 

Фото: Instagram

Поделиться: