Ерке Есмахан ұлы
Instagram: erke_esmahan

Ерке Есмаханның кенже ұлы Ислам жарты жасқа толды — қазақстандық әнші сәбимен жаңа фотосуреттер жариялап, оларды жасау қаншалықты қиын болғанын айтты.

Ерке кішкентай Исламмен серуендеуге шықты және алты айға толған сәбиімен бірге бірнеше суретке түсті. «Кеше ғана аяғым ауыр болып, босанып жатқан едім. Көзді ашып-жұмғанша Ислам 6 айға да келіп қалды. Құдай қаласа жетектеп, мектепке бара жататын күнге жетейік», — деп жазды әнші инста парақшасына.

Құттықтауларға Гүлназ Жоланова мен Айжұлдыз Адайбекова, сондай-ақ, блогер Дамеля Sweet қосылды. Кейін Ерке сториске осы әдемі фотосуреттердің артында қандай эмоциялар жасырылғанын айтты. 

Instagram: erke_esmahan

«Осы жерде Төтен бақырып жылап тұр, түрін көрсеңдер, ой, Алла. Мен суретке түсіп әуремін, әкесі баланы жылаттың деп маған ала көзімен қарап тұр»,

деп бөлісті Ерке.

Фото: Instagram

Поделиться: