Instagram: oksukpaevak

Танымал инстаблогтың авторы Карина Оксукпаева дәрігерлер оған алопеция диагнозын қойғанын айтты. Қорқып кеткен блогер өзінің фотошоппен жасалған шашсыз  суретін көрсетті.

«Маған алопеция деп айтты», – деді Карина Instagram-да. Шашсыз фотосы оқырмандарын таң қалдырды. Келесі Instagram-стористе қазақстандық блогер диагнозын жазып, шаштың жұқарып бара жатқанын көрсетті. 

«Алопеция — бұл шаш фолликулаларының зақымдануынан пайда болатын бастың, беттің немесе дененің басқа бөліктерінің патологиялық ішінара немесе толық түсуі»,

делінген Оксукпаеваның фотосуретіндегі ақпаратта. 
Instagram Stories: oksukpaevak

Кейінірек үш баланың анасы медициналық мекемеде түсірілген бірнеше фотосуретті көрсетіп, емделуді бастағанын хабарлады. 

«Менің ойымша, бұл қандай да бір қателік, мен сенбеймін. Мен күннің тапсырмасын беремін және шаш мәселесін шешуге барамын»,

деді Карина.

Фото: Instagram

Поделиться: