Жәния Джуринская ұлына қандай ат қойғанын айтты
Instagram: djurinskaya

Шоу-бизнес өкілдері балаларына қандай ат қойғаны көпшілікке қызық. 

Жақында екінші рет ана атанған Жәния Джуринская ұлына қандай есім бергенін айтты. Актриса баласына ерекше ат таңдаған.

Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов ұлына Зейін деген есім берген. Бұл жайлы актриса өзінің Instagram парақшасында айтты. Жәния жолдасы екеуінің және балаларының есімдері жазылып тұрған білезігін көрсетті. 

Сонымен қатар, Джуринская босанғаннан кейінгі қиындықтар жайлы ашық айтты. Актрисаның алғашқы үш күні аса ауыр өткен, нәтижесінде тағы бір бала күтушісін алуға шешім қабылдапты.

«Кеудем сүт толғаннан қатты ауырып, артынан қолтығымның тұсы да қатты ауыра бастады. Алғашқы күндер біз үшін ауыр өтті. Қызым мазасызданып, ұлым үйге үйренісе алмай қиналдым. Өзімнің де денсаулығым сыр берді. Денем ауырғаннан және шаршағаннан үш күн бойы жылап шықтым. Ойлана келе үйге тағы бір бала күтушісін аламын деп шештім. Ол түнде бала қарасады, бізбен тұрады»,

деп жазды жас ана.
Instagram Stories: djurinskaya

Фото: Instagram

Поделиться: