Қазақстандық блогер Карина Оксукпаева су басқан Дубайда түсірілген кадрлармен бөлісті.
«Дубайда да су тасқыны болып жатыр. Біз кете алмай жатырмыз. Мен ұлымды тез тамақтандыруым керек. Такси жоқ… Не істерімді білмеймін. Қайықпен бару керек пе»,
деп бөлісті блогер Instagram-дағы Stories-те.
Карина су басқан метро станциясын көрсетті, онда су тізеге дейін жетеді, және жолдар да суға толып қалған.
«Біз сумен жүрмеу үшін тротуармен келе жатырмыз»,
деп түсіндірді ару.
Естеріңе сала кетейік, қатты жаңбыр мен дауылдың салдарынан Дубай су астында қалды. Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі қаласындағы су тасқынын әлеуметтік желі қолданушылары жариялауда.
Khaleej Times газетінің хабарлауынша, ауа-райына байланысты метро жұмысы бұзылған. Абу-Даби мен Дубайда көптеген ғимараттар мен аудандарда электр және сумен жабдықтау істен шықты. Ауа-райының құбылмалы жағдайында Дубай мемлекеттік қызметкерлер мен жеке мектеп оқушылары үшін қашықтан жұмыс істеу мерзімін ұзартты. Билік жеке компанияларды қызметкерлерге үйден жұмыс істеуге және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруге шақырды.
Қалада әуе рейстері тоқтатылады және кешіктіріледі. Кейбіреулер басқа әуежайларға бағытталды.
Ұлттық төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындарын үйде болуға шақырды.
Фото: Instagram