Айсәуле Бақытбек күйеуінің туған күніне ерекше сыйлық жасады
Instagram: aissaulebakytbek

Отандық блогер Айсәуле Бақытбек күйеуін туған күнімен құттықтап, оған аса ерекше сыйлық тарту етті. Желі жұлдызы жолдасының арманын орындады. Айсәуле күйеуіне сүйікті футболшысының формасын сыйға тартты.

Айсәуле Бақытбек күйеуіне тарту еткен сыйлығын инста парақшасында көрсетті. Блогер оған мадридтік «Реалдың» ойыншысы Лука Модричтің қолтаңбасы бар жейдені сыйға тартқан. 

«Менің күйеуім бала кезінен «Реал Мадрид» футбол клубының жанкүйері, ол әлемдегі ең керемет күйеу болғаны үшін оған сыйлық жасаймын деп шешім қабылдадым. Қораптың ішінде не бар деп ойлайсыз. «Үздік әйел» номинациясына қатысып, осы атақты өзім жеңіп шықтым»,

деп жазды Айжұлдыз.
Instagram Stories: aissaulebakytbek

Фото: Instagram

Поделиться: