Жәния Джуринская екінші рет ана атанды
Instagram: djurinskaya

Қазақстандық актриса Жәния Джуринская ұлды болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның жұбайы, актер Данияр Хизметов хабарлады. Жас әке перзентханадағы сәбиімен алғашқы суретін жариялады.

Өткен жылдың қазан айында Жәния екінші жүктілігі туралы мәлімдеген болатын. Сәбидің дүниеге келгені жайлы қуанышты жаңалықты жұбайы хабарлады. Бақытты әке перзентханада түсірілген әйелі мен ұлының суретін көрсетті. 

«Өмірге қош келдің, ұлым. Рахмет, махаббат»,

деп жазды ол жұбайының парақшасын белгілеп. 

Оқырмандары, соның ішінде ерлі-зайыптылардың жұлдызды әріптестері Жұлдыз Абдукаримова, Әсел Сәдуақасова, Гүлназ Жоланова, Индира Еділбаева және т.б. жақындары Жәния мен Даниярды қуанышымен құттықтады.

«Алақай! Құттықтаймыз! Не деген бақыт!», «Бала — бұл басқа тілдегі махаббат», «Өмірге қош келдің, балақай» – деп жазды олар.


Фото: Instagram

Поделиться: