Отандық әнші Динара Сұлтан желіде күйеуімен түскен жаңа суретін жариялап, ол жайлы жылы сөздер жазды. Динараның жолдасы су тасқынынан зардап шеккендерге қолынан келгенше көмектесуде.
Әнші жолдасының видеосын жариялап, оның су апатынан зардап шеккендерге берген көмегі жайлы жазды. Белгілі болғандай, әншінің күйеуі серіктестерімен бірігіп, қиын жағдайда қалған отандастарына 100 млн теңге көлемінде ақшалай көмек көрсеткен.
«Осы заманның нағыз батыры — менің жарым деп қойсаң. Бүгінгі таңның тілсіз жауымен айқасу өте қиын болып тұр. Десе де көмек ұшын созып жатқан отандық кәсіпкерлерімізге Алла разы болсын деймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсыншы деп тілеймін»,
деп жазды Динара Сұлтан.
Фото: Instagram
Поделиться: