Қазақстандық актриса және дизайнер Айжұлдыз Адайбекова жанкүйерлерінің назарына креативті фотосессия ұсынды. Арудың ұлттық нақыштағы образы көбіне ұнады.

«Иллюзия», – деп жазды Айжұлдыз фотоға. 

Актриса өз инста парақшасында бірқатар түрлі-түсті және креативті фотосуреттер жариялады. Ерекше фотосессияға керемет пікірлер жазылды. Жанкүйерлер қыздың өте талантты екенін атап өтті.

Қарлығаш Мұхамеджанова, Дина Төлепберген, Анна Данченко, Фариза Ескермес және басқа да танымал адамдар пікір қалдырып, өздерінің таңданысын білдірді. Оларға әлеуметтік желінің басқа пайдаланушылары қосылды. «Әр бөлшектің құпиясы бар. Керемет», «Айжұлдыз, қандай фото! Сізде әлемге, шығармашылыққа, өмірге деген ерекше көзқарасыңыз бар», «Бұл шығармашылық адамның орасан зор еңбегі — дала халқының мінезін, этникасы мен мәдениетін көрсету», «Алғашқы фотосуретте қазақ қызының, атап айтқанда дала қызының нәзіктігі сезіледі, сіз өз образыңызды жақсы көрсеттіңіз, ал фотограф оны дәл түсірді», «Шығармашылық адам, тағы бір шедевр», – деп жазды олар.


Фото: Instagram

Поделиться: