Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді алғашқы сот отырысы туралы ойын білдірді.
«Салтанат неге кетіп қалмаған және кетіп, неге қайтадан оралған?» деген секілді сұрақтар көп қойылды. Бұл мен үшін де үлкен сұрақ. Оның жауабын қылмыс болғаннан кейін алдым. Яғни Бишімбаев түсірген видеодан кейін білдік. Бұл туралы айтқымыз келмеген, себебі бұл біздің жақындарымыз үшін ауыр. Сондықтан видео туралы қоғам білмесе дедік. Себебі белгілі бір әдеп нормасы бар. Менің міндетім — бәрін бүге-шүгесіне дейін айтып, біреуді қаралау емес, отбасымды ойлау және оларға қамқорлық таныту болды»,
дейді Айтбек Амангелді.
Еске салайық, бұған дейін прокурор Бишімбаев Салтанатты кепілдік үшін жалаңаш видеоға түсіргенін айтқан болатын. 11 наурызда Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті.
БАҚ өкілдері сот залына жіберілмеді. Алдын ала тыңдау барысында айыптаушы тарап сотқа Салтанат Нүкенованың қалай және қандай жағдайда өлтірілгенін айтып берді.
Фото: Instagram