Ерке Есмахан мен RaiM өз үйлерін сатып алды — ерлі-зайыптылардың енді Алматыда вилласы бар. Бір күн бұрын болған жер сілкінісі музыканттарды тезірек жер үй алуға асықтырды.
Ақпан айында жанкүйерлердің сұрақтарына жауап бере отырып, Ерке жер үй сатып алу олардың отбасының 2024 жылға арналған негізгі мақсаттарының бірі екенін айтты. Танымал әртістердің арманы бір күн бұрын орындалды.
«Біздің жанұяда бүгін қуаныш! Оны мен айтпасам, күйеуім айтпайды. Қысқасы, сүйінші! Біз жер үйлі болдық. Күйеуім көптен іздегенін тапты», – деп жазды әнші. Ерке Алматыда болған жер асты дүмпулері оларды таңдауды тездетуге мәжбүр еткенін мойындады.
«Бүгін жер сілкінгеннен кейін ес жиып, қорыққаннан тез-тез барып келісім шартқа қол қойып келдік. Енді салынып біткенін күтеміз. Алла табиғи апаттардан сақтасын. Райымбек екеуміз көзіміз бақырайып қуаныштан ұйықтай алмай жатырмыз»,
деп бөлісті Ерке.
Сондай-ақ, әнші олардың болашақ баспанасы суретте қалай көрінетінін көрсетті және таңдауы өз бассейні мен тауларға қарайтын көрінісі бар сәнді виллаға түскенін айтты.
Фото: Instagram